Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қазатомөнеркәсіп» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу басталғанын растады

kz.kursiv.media

«Қазатомөнеркәсіп» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу басталғанын растады

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков пен басқа да тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына қатысы бар деген күдікпен тергеу шаралары басталғанын растады. Ұлттық атом компаниясы құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып, тергеуге қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

Компанияның ресми мәлімдемесінде ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті бергені айтылған. Қуаныш Омарбеков бұған дейін «Қазатомөнеркәсіптің» өндіріс жөніндегі бас директоры әрі басқарма мүшесі қызметін атқарған.

«Компания құқық қорғау органдарымен ынтымақтасып, тергеу жұмыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес, тергеу жүргізіліп жатқан кезеңде компания бұл мәселеге қатысты түсініктеме бере алмайды», – делінген хабарламада.

«Қазатомөнеркәсіп» тергеу жұмыстарына қарамастан, өндірістік қызметін әдеттегі тәртіппен жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Компания 2026 жылға арналған өндірістік және қаржылық болжамдардың барлығы акционерлер мен мүдделі тараптардың күткен деңгейіне сәйкес орындалатынына сендіреді.

Сондай-ақ компания даму стратегиясы өзгеріссіз қалатынын және стратегиялық міндеттер бекітілген жоспарға сай жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Компания ашықтық пен айқындық қағидаттарын ұстанады және кез келген құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік танытады», – деп хабарлады «Қазатомөнеркәсіп».

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, компанияның басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков пен басқа да күдіктілер 23 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ведомство қалған күдіктілердің аты-жөні мен олардың нақты санын жариялаған жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар