Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Швейцария Гүлнара Каримовадан тәркіленген 252,5 млн долларды Өзбекстанға қайтарады

kz.kursiv.media

Швейцария Гүлнара Каримовадан тәркіленген 252,5 млн долларды Өзбекстанға қайтарады

Өзбекстан мен Швейцария бұрынғы президент Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримоваға тиесілі активтердің тағы бір бөлігін қайтару туралы келісімге қол қойды. 252,5 млн доллар сомасындағы қаражатқа Ташкентке жіберіледі. Бұл туралы Өзбекстанның Экономика және қаржы министрлігі хабарлады.

Қайтарылған ақша «Ишонч-2030» (Сенім-2030) траст қорына аударылады. Бұл қорды Өзбекстан, Швейцария және БҰҰ бірлесіп құрған. Қаражат халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға және адам капиталын дамытуға арналған бағдарламаларға жұмсалады. Оларды іске асыруға БҰҰ мен Дүниежүзілік банк те қатысады.

Гүлнара Каримоваға қатысты тәркіленген активтер Өзбекстанға «Ишонч-2030» қоры арқылы аударылады.

Каримоваға қатысты қылмыстық іс аясында тәркіленген активтерді қайтару үшін Өзбекстан мен Швейцария 2022 жылы тамызда арнайы келісімге келген. Сол келісім аясында 2024 жылы 131 млн доллар қайтарылды. 2025 жылғы сәуірде тараптар 95 млн долларға жуық қаражатты қайтаруға келіскен. Жалпы үш жыл ішінде Каримовға тиесілі қаражаттың 303 млн доллары Өзбекстан қазынасына түсті.

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың жалпы активтерінің құны 1,4 млрд долларға бағаланған. Олар Франция, АҚШ, Латвия және басқа мемлекеттерде тәркіленген. 2022 жылы Өзбекстанның әділет министрінің орынбасары Музраф Икрамов бұл қаражатқа 1 400 мектеп салуға болатынын айтқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар