Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында жұмысшы тоқ соғып қаза тапты

kz.kursiv.media

Екібастұз ГРЭС-1 станциясында жұмысшы тоқ соғып қаза тапты

Павлодар облысындағы «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС аумағында мердігер ұйымның қызметкері электр тогына түсіп көз жұмды. Қайғылы оқиға 19 қарашада болған.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта өлімге әкеп соққан жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның өліміне электр тогының соғуы себеп болған.

Инспекция өкілдері марқұмның ГРЭС-1 штаттық қызметкері емес, мердігер ұйымның жұмысшысы болғанын нақтылады. Оқиға кезінде оның нақты қандай жұмыс атқарғаны әзірге жарияланған жоқ.

Арнайы тергеу барысында мамандар оқиғаның мән-жайын, қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейін анықтап, жұмыс беруші мен жұмысшының жауапкершілік дәрежесін белгілейді.

Айта кетейік, осыған дейін Екібастұзда станция қызметкерін жүк вагоны басып кеткен еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар