Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Садыр Жапаров 16 мемлекетті президент сайлауын бақылауға шақырды

kz.kursiv.media

Садыр Жапаров 16 мемлекетті президент сайлауын бақылауға шақырды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шетелдік дипломаттарды 2027 жылдың 27 қаңтарында өтетін президент сайлауына халықаралық байқаушы ретінде қатысуға шақырды, деп хабарлайды 24.kg.

Ұсыныс 25 қарашада Бішкекте 16 елдің (соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Грузия, Латвия, Израиль, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропа мемлекеттерінің) елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде айтылды. Садыр Жапаров алдағы сайлаудың заңды әрі ашық өтуі қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, кездесуде Қырғызстанның 2027–2028 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы, «Қамбарата ГЭС-1» және «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» теміржолы сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция тарту мәселелері сөз болды. Бұдан бөлек, президент елшілерді 2027 жылдың қазанында Бішкекте өтетін «Бішкек+25» Екінші жаһандық тау саммитіне шақырды.

Айта кетейік, елдегі президент сайлауына қатысуға 11 адам ниет білдірген. Олардың қатарында Жапаровтың өзі де бар.

Жапаров 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен кезектен тыс президент сайлауында 79,2% дауыс жинап, жеңіске жеткен. Ол сол жылдың 28 қаңтарында мемлекет басшысы қызметіне кірісті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар