Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барады
Тоқаев 25-26 қараша күндері Путиннің шақыруымен Мәскеуге барады. Бұл жайлы президенттің баспасөз қызметшісі Айбек Смадияр хабарлады.
«Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады», – деп жазады ол.
Соңғы рет екі президент Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШҰҰ) мерейтойлық саммиті аясында кездескен еді.
Ал жиырма күн өткен соң телефонмен сөйлесіп, Тоқаев Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтаған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
25 қараша 2026