Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жиын өтті

kz.otyrar.kz

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жиын өтті

Казіргі кезеңде жастардың құқықтық сауаттылығы ерекше маңызға ие. Қазақстанда жастар құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдарды білу және оны өмірде қолдану жөнінде білімдерін жетілдіру мақсатында түрлі шаралар өткізілуде. Осындай маңызды шаралардың бірі Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Заңды білу – заман талабы» тақырыбындағы кездесу өтті.

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қаладағы өкілдігінің мамандары қатысты. Бұл іс-шара жастардың тек заңдар туралы білгенімен шектелмей, оларды күнделікті өмірде қолдануын қамтамасыз етуге бағытталды.

Кездесу барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың түрлері, жеке деректерді қорғау, адам құқықтары мен бостандықтары, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жайында ақпарат берілді. Аталған тақырыптар жастардың цифрлық кеңістікте өздерін қауіпсіз сезінуі үшін аса маңызды. Киберқылмыстардың алдын алу, интернетте қауіпсіздік ережелерін сақтау, жеке ақпаратты қорғау бойынша кеңестер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектеседі.

Кездесу аясында жастар өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі қажеттілігі талқыланды. Адам құқықтары мен бостандықтары – әр азаматтың өз мүддесін қорғау мен өз пікірін білдіруге құқығы бар екендігі туралы ақпарат беру, жастардың құқықтық білімдерін арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл орайда, жастардың жеке шығармашылық қырларын дамыту, сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру да зор маңызға ие.

Кездесу барысында қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салып, мамандарға сұрақтарын қойды. Араға пікір алмасу болып, мамандар жастардың қойған сауалдарына нақты жауаптар берді. Бұл пікірталастар, жас буынның құқық туралы білімдерін тереңдетуге, кездесуде айтылған тақырыптарды одан әрі талқылауға мүмкіндік берді.

Болашақта жастардың құқықтық сауаттылығы қоғамның барлық саласында — білімге, еңбек нарығына, әлеуметтік қарым-қатынастарға, құқық қорғау жүйесіне тікелей әсер етеді. Заманауи әлемде құқықтық білімнің маңызы артып келеді, себебі заңды білу — өзін-өзі қорғаудың, құқықтарын қорғаудың және қоғамда тең дәрежеде өмір сүрудің негізі болып табылады.

«Заңды білу – заман талабы» тақырыбындағы кездесу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды заңдарды түсінуге және өмірде қолдануға үйрету мақсатында өткізілген маңызды шаралардың бірі болды. Мұндай кездесулердің жиі өткізілуі жастардың құқықтық мәдениетін көтеруге, құқықтарын қорғау жөнінде ақпараттандыруға және қоғамда құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Еліміздің болашағы – жастар, сондықтан олардың құқықтық сауаттылығын қамтамасыз ету, еліміздің өркендеуіне ықпал ететіні анық.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар