Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Сабах» – «Барселона»: Чемпиондар лигасының матчын қайдан көруге болады

kz.kursiv.media

«Сабах» – «Барселона»: Чемпиондар лигасының матчын қайдан көруге болады

Бүгін, 25 қарашада УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында әзербайжандық «Сабах» пен испаниялық «Барселона» кездеседі.

Матч Баку қаласындағы Олимпиада стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 22:45-те басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

2017 жылы құрылған әзербайжандық «Сабах» клубы биыл Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет өнер көрсетіп жатыр. Төрт турдың қорытындысы бойынша команда үш ұпаймен турнир кестесінде 31-орында тұр.

Вальдас Дамбраускас шәкірттері бір кездесуде жеңіске жетіп, үш матчта жеңілген. Өткен турда әзербайжандық клуб норвегиялық «Викингтен» 1:4 есебімен ұтылды.

Ал Ханс-Дитер Флик жаттықтыратын «Барселона» тоғыз ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде бесінші орында келеді. Каталониялық клуб төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жеткен. Сондай-ақ «Барселона» Испания чемпионатында көш бастап тұр. Жексенбі күні команда «Вильярреалды» 3:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, «Барселонаның» жұлдызды футболшысы Ламин Ямаль Бакуге келген жоқ. Испаниялық шабуылшы бұл кездесуге қатыспайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар