Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елде жылжымайтын мүлікке мекенжай беру тәртібі өзгереді

kz.kursiv.media

Елде жылжымайтын мүлікке мекенжай беру тәртібі өзгереді

2026 жылғы 4 желтоқсаннан бастап елде жылжымайтын мүлікке мекенжай беру және оны жою тәртібі өзгереді. Үй, пәтер және басқа нысандардың иелері құжаттағы қателерді түзетуге берілетін мерзім мен мемлекеттік қызметті тоқтата тұруға негіз болатын жағдайларды ескеруі керек.

Тиісті өзгерістерді Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 17 қарашадағы бұйрықпен бекітті.

Өтініштер түскен күні тіркеледі. Бірақ жұмыс күні аяқталуына екі сағат қалғанда немесе одан кеш берілген өтініштерді қарау мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын алдын ала тексеруге екі жұмыс күні беріледі.

Құжаттарда қате, мәліметтерде сәйкессіздік, рәсімдеу талаптарының бұзылуы немесе міндетті құжаттардың болмауы анықталса, өтініш беруші цифрлық кезекке қойылады. Олқылықтарды түзетуге өтініш берушіге бір жұмыс күні беріледі. Қателерді түзетуге кеткен уақыт мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне есептелмейді.

Егер өтініш беруші белгіленген мерзімде ескертулерді түзетпесе, құжаттарды қабылдаудан бас тартылады. Бас тарту себебі электронды түрде жеке кабинетке жіберіледі. Ал егер қателер уақытында түзетілсе, өтініш алғаш берілген күн сақталады.

Мемлекеттік қызмет мынадай жағдайларда уақытша тоқтатылуы мүмкін:

Қызметті тоқтату мерзімі жағдайға байланысты белгіленеді. Мысалы, сот дауы болса, сот шешімі заңды күшіне енгенше күту қажет. Табиғи немесе техногендік төтенше жағдайлар да мекенжай рәсімдеуге әсер етуі мүмкін.

Мемлекеттік қызметке өтініш бермес бұрын жылжымайтын мүлік иелеріне құжаттардағы мәліметтерді тексеріп, қажетті құжаттардың толық болуын қадағалау ұсынылады.

Өтініш бергеннен кейін жеке кабинетке келетін хабарламаларды да бақылау керек. Қателерді түзету мерзімін өткізіп алу қызметке қайта өтініш беруге әкелуі мүмкін.

Бұл өзгерістер барлық үй мен пәтердің мекенжайын міндетті түрде ауыстыруды көздемейді. Олар тек жылжымайтын мүлікке мекенжай беру және бұрынғы мекенжайды жою рәсіміне қатысты. Жаңа тәртіп 2026 жылғы 4 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар