Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ІІМ пәтер аралап биометриялық дерек жинау туралы ақпаратты жоққа шығарды

kz.kursiv.media

ІІМ пәтер аралап биометриялық дерек жинау туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстандық WhatsApp чаттарында тұрғындардың ЖСН-і мен телефон нөмірлері жазылатын «пәтер карточкасының» скриншоты таралуда.

Хабарламада белгісіз біреулер өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, үй-үйді аралап, құжат тексеріп, биометриялық деректер жинап жүргені айтылған. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

Жалған хабарлама «Басқармадан ескерту келді» деген сөздермен басталып, оның астында «ІІМ хабарламасы» және «Қауіпсіздік туралы ескерту» деген белгілер қойылған.

«Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз», – деп мәлімдеді министрлік өкілдері.

ІІМ полицияның бұған дейін де осыған ұқсас фейктерді жоққа шығарғанын атап өтіп, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заң алдында жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар