Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Президенттікке тағы бір кандидат әйел ұсынылды

almaty-akshamy.kz

Президенттікке тағы бір кандидат әйел ұсынылды

«Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі президент сайлауына Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Иә, бүгін мені президенттікке ұсынды. 11 қазан үміткерлерді ұсынудың соңғы күні екенін білеміз. Бірақ жұмыс күні кешкі сағат 18:00-ге дейін ғой, уақыт әлі бар. Заң бойынша бүгін құжат тапсырамыз», - деді Тұрсынбекова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. Заңгер Салтанат Тұрсынбекова отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелерімен айналысқан. Әйелге қол көтеретін басбұзарларды қоғамдық бақылау институттарын құру бастамасын да көтерген. Тұрсынбекова Астана қаласының қоғамдық кеңесіне кіреді. Бұдан бөлек, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат ұлттық комиссияның мүшесі. Бас прокурордың маңызды істер жөніндегі аға көмекшісі болған. «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасына жетекшілік етті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар