Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елордалық дәрігерлер бүйрегінде ірі тастар бар науқасты құтқарып қалды

baq.kz

 Елордалық дәрігерлер бүйрегінде ірі тастар бар науқасты құтқарып қалды

Бұл сырқат белгілерін көп адам уақытында байқамай жатады, ал мұндай оталар урологияда бірегей болып саналады. Науқас 19 жасынан бастап осы сырқаттан зардап шегіп келеді. Ол бірнеше рет ота жасалғанына қарамастан ауруы басылмағанын айтады. Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, пациент хирургиялық емделу үшін көптеген урологиялық клиникаларға барғанмен жағдайдың күрделілігіне байланысты бас тартыпты. №2 қалалық аурухана дәрігерлері науқасқа перкутандық нефролитотрипсия операциясын ұсынды. Бұл операцияның бірегейлігі – оның денеде кішкентай жарақат түрінде жасалуында, бел аймағында 1 см кесу арқылы өтеді, осылайша бүйрек тастары лазердің көмегімен жойылады. Науқаста бір уақытта екі жағынан эндоскопиялық түрде бүйрек тастары алынды. Қалалық урология орталығының жетекшісі Асқар Жашеновтің айтуынша «маржан тастарының хирургиясы» урология саласындағы ең жоғары бірегей көрсеткіш болып саналады. Отадан кейін пациенттің жағдайы жақсарып, қанның барлық көрсеткіші мен бүйрек қызметі қалыпқа келді. Тәжірибеде нефролитиаздың күрделі формалары кездеседі, егер тиісті түрде уақытылы емделмеген болса, бүйректің функционалды күйінің жоғалып, нәтижесінде терминалды бүйрек жеткіліксіздігі пайда болады және жасанды бүйрек аппаратын қосу қажеттілігі туындайтын еді, - дейді директордың хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары Юрий Пак. Қазір науқас өзін жақсы сезінеді, енді емханадағы дәрігерлер бақылауында амбулаториялық ем алатын болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 сәуір 2024