Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан геологиялық барлауының негізін қалаушылардың бірі Орал Ақшолақов қайтыс болды

ktk.kz

Қазақстан геологиялық барлауының негізін қалаушылардың бірі Орал Ақшолақов қайтыс болды

Ақпаратты ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады. Орал Ақшолақов – қазіргі Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың әкесі. Ақшолақов Орал Ақшолақұлы 1936 жылы Гурьевте (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Ол бірегей ғалым, қазақстандық геологиялық барлаудың негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы минералды ресурстар академиясының толық мүшесі. 1958 жылы И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын геолог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Гурьев ірі аумақтық мұнай барлау экспедициясының Батыс Қазақстан геологиялық басқармасында коллектор, геолог, аға геолог, техникалық басшы және бөлімінің басшысы болып бастаған. Әр жылдары Қазақ геологиялық барлау және мұнай ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, Балықшы мұнай барлау экспедицмясынның басшысы, Батыс Қазақстан экспедициясының басшысы, Алматы геофизикалық экспедициясының бас геологы, партия басшысы, «Қазгеофизика» ӨГБ геологиялық бөлімінің бастығы, ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің Мұнай және газ бас басқармасының басшысы (1992-1994) қызметтерін атқарған. Сонымен бірге, Орал Ақшолақов «Казгоснедра» минералды ресурстар бас басқармасы басшысының орынбасары, «Степной леопард» БК бас директоры, «Тау-кен-экономикалық консалтинг» ЖШС бас маманы, «Центроконсалтинг» ЖШС директоры қызметтерін атқарды, Н. А. Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорының құрылтайшысы, қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды. О. Ақшолақов – 170-тен астам жарияланған және қолжазба ғылыми еңбектердің, Қазақстанның мұнай энциклопедиясының, екі басылымның авторы. Бірқатар мұнай және газ кен орындарын – Прорва, Мартыши, Қамышитовый, Жаңажол, Жетібай, Өзен, Тасболат, Кеңқияқ, Өріктау, Қарашығанақ және т. б. ашқан.ю Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар