Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Миллиардтаған табысын жоғалтады" Аймағамбетов құмар ойынға байланысты заң жобасы туралы айтты

newsroom.kz

Миллиардтаған табысын жоғалтады Аймағамбетов құмар ойынға байланысты заң жобасы туралы айтты

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов құмар ойынға байланысты заң жобасы ойын бизнесінің иелеріне қаншалықты қолайсыздық тудыратындығын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы. Депутаттың айтуынша, аталған заң жобасы кәсіп иелерінің миллиардтаған табысын жоғалтады екен. "Бұл өте үлкен қолайсыз заң жобасы. Өйткені, қазіргі таңда құмар ойын бизнесінің иегерлері жүздеген миллиардтаған табысын жоғалтады. Өте үлкен шектеулер болады. Жарнама бойынша, жас бойынша шектеулер болады. Жалпы, осы бизнесті шектейтін нақты нормалар қарастырылды. Сондықтан әрине бұл заң ойын бизнесінің иелерінің мүддесінен шықпайтыны анық. Біздің мақсатымыз - жалпы азаматтарымызды осы бір үлкен проблемадан құтқару",- деді депутат. Заң жобасы аясында жарнаманы да шектеу қарастырылатын болмақ. "Маңызды тетік жарнаманы шектеу болады. Қазір үлкен мегаполистерде көшеге шығып қарасаңыз ең бірінші көзге түсетін жарнама қандай? Букмекерлік компанияның үлкен билбордтары тұрады. Жалпы, қалада жүрсеңіз ең көп жарнаманың бірі осы компнаиялардың ждарнамалары. Енді осы жарнаманы қоғамдық орындарда болдырмау бойынша норма енгізілді. Екіншіден, жаңа тағы да норма ұсынылып жатыр. Мобильді операторлар да түрлі смс-терді береді. Оларды шектеу бойынша ұсыныстар айтылып жатыр. Бұған қоса, 25-жасқа дейінгі азаматтарға шектеу қою бойынша норма қарастырылып жатыр. Борышкер басқа да, қарыздары бар азаматтарды тіпті ойнатпау бойынша нақты нормалар қарастырылып жатыр.Басқа да, заң нормалары қарастырылды. Бұның барлығы ойын бизнесі иегерлері үшін өте үлкен соққы деуге болады. Бұл өзі мемлекет басшысы қауіпсіздік кеңесін өткізді, Ұлттық құрылтайда да айтылды. Үкіметте жылдамдатып заң добамсының қорытындысын бізге жіберді. Қазір нақты жұмыс басталды. Заң жобасы нақты. Бұл проблеманы шешуге септігін тигізетін оң нормалар деуге болады.",- деді депутат.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024