Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Lego өз тарихындағы ең үлкен конструктор жинағын нарыққа шығарды

kz.kursiv.media

Lego өз тарихындағы ең үлкен конструктор жинағын нарыққа шығарды

Lego компаниясы бренд тарихындағы ең үлкен конструктор жиынтығын көпшілікке ұсынды. Бұл туралы брендтің ресми сайтында жарияланды.

Жаңа рекорд орнатқан бұл серия Барселонадағы әйгілі Саграда Фамилия соборының үлгісіне арналған. Конструктор жиынтығы 12 060 бөлшектен тұрады.

Ол бұған дейінгі көшбасшы – «Lego Art әлем картасы» жиынтығынан 365 элементке артық. Конструкторды толық құрастырған кездегі биіктігі 62 сантиметрге жетеді.

Stonewars мамандандырылған басылымының бағалауынша, жиынтықты толық құрастыруға 25-35 сағат уақыт кетуі мүмкін.

Жобаның дизайнері Рок Жгалин Кобе конструктордың жарыққа шығуы әйгілі сәулетші Антонио Гаудидің қайтыс болғанына 100 жыл толуына орайластырылғанын айтты.

Сәулетші собор құрылысын 1883 жылдың қарашасында бастаған. Ол 1926 жылы 10 маусымда өз туындысын толық аяқтай алмай дүниеден өтті. Айта кетерлігі, ғимараттың құрылысы бүгінгі күнге дейін әлі толық аяқталған жоқ. Оны тек 2034 жылға қарай толығымен бітіру жоспарланып отыр.

Жаңа өнімге алдын ала тапсырыс беру Lego компаниясының интернет-дүкенінде басталып кетті. Жеткізу 2026 жылғы 1 қарашада басталады. Жинақтың бағасы – 749 еуро.

Айта кетейік, Саграда Фамилия Барселонаның басты көрікті орындарының бірі әрі әлемдегі ең танымал ұзақ құрылыстардың қатарына жатады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар