Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Цифрлық даму министрлігі елде интернеттің неге нашарлағанын түсіндірді

kz.kursiv.media

Цифрлық даму министрлігі елде интернеттің неге нашарлағанын түсіндірді

7 маусымда қазақстандықтар әлеуметтік желіде интернеттің нашар жұмыс істеп тұрғанына шағымданды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі интернет сапасына байланысты түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, елдегі құрылыс жұмыстары кезінде халықаралық трафикті тарататын негізгі байланыс кабелі зақымдалған. Соның салдарынан еліміздегі кейбір сайттар мен интернет-ресурстар бірнеше уақыт бойы нашар жұмыс істеген.

«Қазақтелеком» АҚ берген мәліметке сүйенсек, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған. Мамандар интернетті жедел түрде қосалқы арналарға ауыстырды. Соның арқасында байланыстың толық өшіп қалуын алдын алу мүмкін болды», – деп түсіндірді министрлік.

Қазіргі уақытта кабельді қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін өзін «№1 мобильді интернет» деп жарнамалаған операторға сот жеке ұйығарым шығарғанын хабарлаған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар