Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ұлттық банк «BURABAY» және «SYǴANAQ» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады

kz.kursiv.media

Ұлттық банк «BURABAY» және «SYǴANAQ» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады

Қазақстан Ұлттық банкі айналымға бірден үш жаңа коллекциялық монета шығарады. Монеталар 2026 жылғы 20 шілдеден бастап KazCoins ресми интернет-дүкені арқылы сатылымға шығады.

Жаңа серияға мына монеталар енді:

Барлық монета Қазақстан теңге сарайында шектеулі таралыммен шығарылған.

Жаңа сериядағы ең ерекше монета – Бурабайға арналған BURABAY коллекциялық монетасы. Бурабай – еліміздің басты табиғи көрікті жерлерінің бірі ретінде бағаланып, ең танымал туристік мекенге айналды.

«BURABAY» монетасы түрлі-түсті баспа және интерференциялық құбылмалы қабат қолдану технологиясымен 925 сынамды күмістен дайындалған. Салмағы – 31,1 грамм, өлшемі – 45х30 мм, дайындау сапасы – «рrооf». Номиналы 1 000 теңгелік туынды 2 000 (екі мың) дана таралыммен шығарылды. Ол түрлі түсті баспа элементтерімен және арнайы кемпірқосақ түстес қорғаныш жабынмен безендірілген.

Екінші жаңа монета – Ұлы даладағы ортағасырлық ірі қалалардың бірі Сығанаққа арналған SYǴANAQ.

Монета 925 сынамалы күмістен жасалып, алтын жалатылған. Салмағы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – «рrооf».

Оның таралымы одан да аз – бар болғаны 1 мың дананы құрайды.

Үшінші монета 2026 жылдың желтоқсанында атап өтілетін ТМД-ның 35 жылдығына арналған.

Ол да күмістен жасалып, түрлі түсті баспа технологиясы қолданылған. Салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «рrооf». Монетаның таралымы – 1 мың дана.

Бұған дейін Ұлттық банк Қазақстан Парламентінің 30 жылдығына арналған коллекциялық күміс монетаның сатылымға шығатынын жариялаған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар