Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бірыңғай QR-код жүйесі: кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін не өзгереді?

kz.kursiv.media

Бірыңғай QR-код жүйесі: кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін не өзгереді?

Қазақстанның қаржы нарығында үлкен реформа басталды. Елдегі банктердің басын бір арнаға тоғыстыратын бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылуға толықтай дайын. Бұл туралы Ұлттық банкте өткен брифингте Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов мәлімдеді.

Айтуынша, 17 шілдеден бастап еліміздегі банктердің басым бөлігі бірыңғай QR код жүйесін енгізуге кірісті. Жүйе ресми түрде жексенбі күні жұмысын бастайды.

Кәсіпкерлер мен сатып алушылар үшін не өзгереді?

Бинұр Жәленовтың түсіндіруінше, іске қосылғалы тұрған жүйе бизнес өкілдерінен қосымша шығынды немесе жаңа құрылғы орнатуды талап етпейді. Барлық жұмыс қолданыстағы инфрақұрылым арқылы жүзеге асырылады.

Ал қарапайым қолданушылар үшін тек өз банкінің мобильді қосымшасын App Store немесе Google Play арқылы жаңартып қойса жеткілікті.

Дүкендер тек бір ғана терминал арқылы төлем қабылдай ала ма?

Қазіргі уақытта әсіресе шағын азық-түлік дүкендері әртүрлі банктің карталары мен QR-кодтары үшін кассаға бірнеше терминал тізіп қоятыны жасырын емес.

Бінұр Жәленовтің айтуынша, кәсіпкерлердің екінші немесе үшінші терминалдан жаппай бас тартатынын айту әлі ерте. Аталған мәселені нарықтың өзі және банктер ұсынатын тарифтер реттейді.

«Бұдан әрі шешімді кәсіпкердің өзі қабылдайды, өйткені әр банк қызмет көрсетуге өз тарифін белгілейді. Заң бойынша бірыңғай QR аясындағы тарифтер кемсітушілік сипатта болмауы тиіс, яғни қазіргі баламаларынан қымбат болмайды. Тіпті, банктердің бұл жүйедегі шығындары карталық транзакцияларға қарағанда төмен болғандықтан, тарифтер арзандауы мүмкін. Біз бұл процесті жіті бақылаймыз», деп атап өтті Ұлттық банк өкілі.

Осылайша, бірыңғай QR-кодтың келуі жүйеаралық кедергілерді жойып, төлем нарығындағы бәсекелестікті арттырады. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету тарифтерінің төмендеуіне және отандық бизнестің шығындарын азайтуға септігін тигізбек.

Айта кетерлігі, жоба туралы 2024 жылдан бері айтылып келген. Сол кезде Ұлттық банк пен Ұлттық төлем корпорациясы ел банктерін ортақ төлем кеңістігіне біріктіру концепциясын ұсынған еді.

2025 жылдың тамызында техникалық платформа дайын болып, бірнеше банк телефон нөмірі арқылы аударым жасау жүйесіне қосылғанымен, әмбебап QR-төлемді іске қосу біраз уақытты талап етті.

Бұған дейін Тимур сүлейменов елдегі қолма-қол ақша арқылы жасалатын төлемнің 90%-ға дейін қысқарғанын айтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар