Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Демалыс күндері қай өңірлерде ыстықтың беті қайтады

kz.kursiv.media

Демалыс күндері қай өңірлерде ыстықтың беті қайтады

Қазгидромет синоптиктері демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлер жаңбыр жауып, аптап ыстықтың беті қайтады.

19–20 шілдеде Қостанай облысының жекелеген аудандарында, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 20 шілде күндіз Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады, жел күшейеді, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.

Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталық өңірлерде 18 шілдеде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады.

Әсіресе елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде кей уақыттарда жаңбырдың қатты жаууына байланысты күндізгі ауа температурасы +21…+29°С-қа дейін төмендейді.

Сонымен қатар, елдің шығысы мен орталығының басым бөлігінде Орта Азия аудандарынан келетін ыстық ауа массаларының ықпалы сақталады. Осыған байланысты мұнда күндізгі ауа температурасы +35…+39°С-қа дейін жетіп, қатты ыстық болады.

Орталық және шығыс өңірлердің оңтүстік бөлігінде өте қатты ыстық сақталып, ауа температурасы +42°С-қа дейін көтеріледі. Елдің оңтүстік-батысында +44°С-қа дейін, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +45…+48°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 шілде 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар