Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Байқоңырдағы «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін басқаратын компания қанша пайда тапты

kz.kursiv.media

Байқоңырдағы «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін басқаратын компания қанша пайда тапты

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін басқаратын бірлескен кәсіпорын 2025 жылы 3,3 млн теңге ғана пайда тапқан. Бұл ұйымды Қазақстан мен Ресей бірлесіп құрған.

Кәсіпорын осы таза пайданың 2,3 млн теңгесін акционерлеріне дивиденд ретінде төлесе, қалғаны 1 млн теңгеге жуық ақша компанияның өзінде қалмақ.

Осы қаржының 2 млн 260 мыңы «Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің» шотына аударылса, 44 352 теңгесі ресейлік акционерге төленеді. Комитетке компанияның 15,7 млн данасы тиесілі.

Ал ресейлік «М. В. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы» кәсіпорынның 308 мың дана акциясын иеленеді.

Байқоңырдағы ғарыш айлағының инфрақұрылымын сақтау үшін бірнеше жыл бұрын Мәскеумен «Бәйтерек» зымыран кешенін құру бойынша ортақ жоба қолға алынған.

2025 жылы Қазақстан мен Ресей үкіметі «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгеріс енгізген.

Соған сәйкес, кешенде зымыран ұшыру 2023 жылдан 2025 жылға ауыстырылған.

2028-2039 жылдар аралығында кешеннен жылына кемі үш рет зымыран ұшырылуға тиіс. Кешенді басқарып отырған компанияға салық жеңілдігі беріліп, ол 2028 жылдан бастап 15 жылға ұзартылады.

Жобаның жалпы құны 90,8 млрд теңгені құраса, 2025 жылға 60,8 млрд теңгесі жұмсалған.

Келісім бойынша Ресей бұл кешенде «Союз-5» зымыран тасығышын ұшырады. Жаңа буынның «Союз-5» зымыран тасығышы 2026 жылғы 30 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан көтерілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар