Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

6 млрд теңге шығын: Алматы метросы табысқа шыға алмай келеді

kz.kursiv.media

6 млрд теңге шығын: Алматы метросы табысқа шыға алмай келеді

Алматы метрополитені бірнеше жылдан бері табысқа шыға алмай келеді. 2024 жылғы шығын 5,3 млрд теңгені құраса, былтыр бұл сома 6 млрд теңгеге жетіп қалған. Өйткені кәсіпорынның шығыны кірісінен асып кетіп жатыр.

Бұл туралы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының аудиторлық есебінде жазылған. Кәсіпорын Алматы қаласы әкімдігінің меншігінде.

2025 жылы метро 16 млрд теңгеден аса кіріс алған. Оның 13,5 млрд теңгесі – мемлекеттік субсидия. Негізгі қызметінен түскен табыс 2,7 млрд теңгені құрайды.

Ал бір жылдық шығыны 22 млрд теңгеден асады. Оның 10,3 млрд теңгесі қызметкерлердің жалақысы мен жалақы салығы болса, вагон пойыздарының тозуына 8 млрд теңге жұмсалған.

Коммуналдық қызметтің өзіне 1 млрд теңге, жанар-жағармай мен басқа материалдарға 1,2 млрд теңге кеткен.

Алматы әкімдігі «Қалқаманнан» Барлық базарына баратын метроның жаңа желісі үшін тендер жариялады. Бұл мақсатқа әкімдік 2,9 млрд теңге бөліп отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар