Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы қаласының мәслихатына 42 депутат сайланады

almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының мәслихатына 42 депутат сайланады

Мұндай мәліметті Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова келтірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. Атап өтетін жайт, сайланатын 42 депутаттың 21-і - бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша, 21-і - партиялық тізім бойынша. Қазіргі уақытта Алматы қаласының мәслихат депутаттарын партиялық тізімдер арқылы сайлау бойынша 6 саяси партияның тізімдерімен 153 кандидат ұсынылды. Атап айтқанда: «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі (42 кандидат) «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі (20 кандидат)«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы (63 кандидат)«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі» (6 кандидат)«Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі» (15 кандидат)«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі (7 кандидат) Саяси партиялар құжаттарды "Сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес ұсынады. Әрбір партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдардың саны кемінде 30 пайызды құрайды. Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша 21 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 210 кандидат ұсынылды.Орташа есеппен бірмандатқа 10 адамнан келеді. Ең үлкен бәсекелестік 4-ші округте бір орын үшін 19 адам.Ұсынылған кандидаттардың 166-сы ер адам, 44-і әйел адам. Ең жас кандидат 2002 жылғы болса, ең үлкені - 1947 жылғы. "Сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-тарда және сайлау комиссияларының интернет-ресурсында жарияланады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар