Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БҰҰ Ресей әскерін Украинадан әкетуді талап ететін қарар қабылдады. Қазақстан қалыс қалды

azattyq.org

БҰҰ Ресей әскерін Украинадан әкетуді талап ететін қарар қабылдады. Қазақстан қалыс қалды

Ресей әскерін Украинадан әкетуді талап ететін қарарды 193 елдің 141-і қолдады. 7 мемлекет қарсы дауыс берді. 32-сі қалыс қалды.Қарарға Ресейден бөлек, Беларусь, Эритрея, Мали және Сирия қарсы дауыс берді. Қалыс қалғандар арасында Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қытай, Үндістан және Иран бар.Қарарды талқылауды Киев ұсынған. Ұсынысқа 60-тан астам ел қосылған. Қарарда "БҰҰ жарғысы принциптері негізінде тұтас, әділ және тұрақты бейбітшілікті" іздеу қажеттігі атап өтілген.Құжатта Ресей әскерін Украина аумағынан дереу әкету туралы талап бар.БҰҰ Минскінің келіссөзге шақыру және Киевке қару беруге тыйым салу туралы қарарға түзетуді кері қайтарды.Украинаның Адам құқығы жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец құжат жөнінде Телеграмда бұл "елдің қауіпсіздігі мен Украинаның территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін маңызды қадам" деп жазды.Қауіпсіздік кеңесінен айырмашылығы БҰҰ Бас ассамблеясында Ресей құжатқа вето қоя алмайды. Қарардың рекомендациялық сипаты бар.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар