Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді

azattyq.org

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді

28 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді. "Бұл – оның Қазақстанға алғашқы сапары" деп хабарлады 24 ақпанда Қазақстан сыртқы істер министрлігі.Ведомствоның хабарлауынша, Астанада АҚШ мемлекеттік хатшысын президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Мемлекеттік хатшы Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөз жүргізеді. Сол күні Астанада Блинкен мен Орталық Азия елдерінің сыртқы саясат мекемелері басшылары қатысатын С5+1 форматындағы кездесу өтеді. Онда өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестікті дамыту мәселелері талқыланады.АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Блинкен 28 ақпан және 3 наурыз аралығында Қазақстанмен қатар Өзбекстан мен Үндістанға да сапарлайды. Ол Астанада қазақстандық ресми тұлғалармен кездесіп, екіжақты әріптестікті нығайту мәселелерін талқылайды.C5+1 форматындағы кездесуге қатысып, АҚШ-тың Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаудан айнымайтынын жеткізбек.С5+1 – Орталық Азиядағы бес ел (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан) және АҚШ арасындағы қарым-қатынастың форматы. Бұл формат аясында алты ел экономика, экология және қауіпсіздік жөніндегі мәселелерді талқылайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар