Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

БАҚ туралы заң. Мемлекеттік тапсырыс арқылы субсидия және грант берілуі мүмкін

baq.kz

 БАҚ туралы заң. Мемлекеттік тапсырыс арқылы субсидия және грант берілуі мүмкін

Өздеріңіз көргендей, жаңа заң жобасында көптеген мәселені көтеріп жатырмыз. Мысалы, біріншіден, ең маңыздысы – журналист мәртебесін көтеру. Мемлекет басшысының тапсырмасында отандық БАҚ-тың мықты болуы, ақпараттық тәуелсіздігімізді күшейту қажеттілігі айтылды. Сол үшін бұл жерде екі мәселе бар. Бірі – журналист мәртебесін көтеру. Екіншісі – отандық ақпарат саласының нарығын күшейту, - деп атап өтті департамент басшысы «Ашық алаң» бағдарламасына берген сұхбатында. Айтуынша, мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі – бәрінің ұшар шыңында тұрады. Заң жобасында журналист мәртебесі, ерекше төтенше жағдайларда журналистердің кәсіби қызметін атқару қамтылды. Әскери журналистика, дау-жанжал журналистикасы сынды салаларды дамытуды ұсындық. Өйткені журналистерді арнайы дайындықтан өткізу керек. Пресс-карталар да бар. Пресс-карта қосымша тетік ретінде қолданылып, мәселен, аккредиттеусіз мемлекеттік органдарға бару сынды сәттер қаралады. Тағы бір айта кетерлігі, мемлекеттік тапсырысты біз грант және субсидиямен өткізгіміз келеді. Субсидияда сіз ақшаны бересіз, олар өздері алып кетеді. Ал грантта қаржыны ұсынып, жобасын ұсынуын талап етесіз. Ертең контентті жасаған БАҚ құқықтарын өздеріне қалдырады. Нарықта көрсетілімін сатып, монетизация жасауға болады. Бұл экономикалық жағынан өте тиімді, - деді Жасұлан Өмірәлиев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар