Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан Орталық Азия елдеріндегі әл-ауқат рейтингінде көш бастады

kz.kursiv.media

Қазақстан Орталық Азия елдеріндегі әл-ауқат рейтингінде көш бастады

Британдық Legatum Institute сараптамалық орталығы жариялаған жаңа Prosperity Index (Әл-ауқат индексі) тізімінде Қазақстан 66-орынға тұрақтады. Бұл посткеңестік Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ең үздік көрсеткіш.

Қырғызстан рейтингте 87-орынға, Өзбекстан 94-орынға орналасты.

Ал ең төменгі орынды Түрікменстан – 150-орынды иеленді. Сарапшылар биыл Қазақстан мен Орталық Азияның басқа мемлекеттері арасында айтарлықтай алшақтық бар екенін атап өтті.

Индекске қатысқан жылдары Қазақстан 63-орынға дейін көтеріліп, кейде 82-орынға дейін төмендеген.

Legatum Institute сарапшылары Prosperity Index индексін үш ірі блокқа бөлді. Біріншісінде олар экономика мен халықтың өмір сүру сапасын бағалады. Екіншісінде жеке бостандықтардың деңгейін өлшеді, ал үшіншісінде қоғамның жай-күйі мен ел ішіндегі әлеуметтік байланыстарға талдау жасады.

Әрбір блокта сарапшылар денсаулық сақтау, білім беру және инвестициялық климатты қоса алғанда, ондаған жеке индикатор бойынша деректер жинады. Қазақстан бойынша толық бөліністі Legatum Institute бүкіл рейтингтің жаңартылуымен бірге жыл сайын жариялап тұрады.

Орталық бұл индексті 2007 жылдан бері шығарады және оған жыл сайын әлемнің 167 елін енгізеді.

Бұған дейін Numbeo сервисі 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы өмір сүру құны бойынша әлемдік рейтингті жаңартты. Оған сәйкес Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қала атанды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар