Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Intel отандық стартапқа инвестиция салды, шешім қабылдауға 30 минут жеткілікті болған

kz.kursiv.media

Intel отандық стартапқа инвестиция салды, шешім қабылдауға 30 минут жеткілікті болған

Микрочип пен есептеу технологиясының көшбасшысы Intel компаниясы отандық Nace.AI стартабына инвестиция салды. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.

Nace.AI – жаңа буындағы AI-агенттерді әзірлейтін компания. Қарапайым қызметкердің орындауына әдетте 2 000-3 000 сағат қажет болатын жұмысты Nace.AI агенттері 60-72 сағатта орындай алады. Яғни 40 есе аз уақыт жұмсайды. Сондай-ақ стартап процесті талдап, әлсіз тұсын, қателіктерін де анықтап береді.

Компанияның Астана мен Кремний алқабында кеңселері бар. Стартап негізін қалаушы әрі бас директоры Дос Бақытжанның айтуынша, ол Intel-ді басқаратын танымал инвестор Лип-Бу Танмен кездескен. Кәсіпкер он жыл ішінде жүздеген технологиялық компанияға инвестиция салған. Бар болғаны жарты сағаттық кездесуден кейін Тан отандық стартапқа инвестиция салу туралы шешім қабылдаған.

«Біздің стратегиялық көзқарасымыз толық сәйкес келді. Лип-Бу Танға өзіміздің AI-модельдерді ауқымды түрде дамыту және осы бағытты ілгерілету жөніндегі ұстанымымыз ұнады. Шешім өте тез, небәрі 30 минуттық әңгімеден кейін қабылданды. Осындай деңгейдегі тәжірибелі кәсіпкерлер мықты команда мен сапалы өнімді көрсе, шешімді де жедел қабылдайды», – дейді Дос Бақытжан.

Әзірге инвестиция көлемі белгісіз, стартап оны құпия ақпарат деп жарияламаған. Бұған дейін Nace.AI халықаралық инвесторлардан 21,5 млн доллар көлемінде инвестиция тартқан.

Оқи отырыңыз: Биыл отандық стартаптар 400 млн доллар венчурлық инвестицияға қол жеткізуі мүмкін

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар