Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Заң бұзған шетелдіктерді елден шығаруды ұсынған депутат Айбек Паяев мәжілістен кетті

azattyq.org

Заң бұзған шетелдіктерді елден шығаруды ұсынған депутат Айбек Паяев мәжілістен кетті

"Қазақстан халық партиясы" атынан мәжіліске сайланған Айбек Паяев "өз еркімен" депутат өкілетінен бас тартты.Жергілікті БАҚ орталық сайлау комиссия мүшесі Шавкат Өтемісовке сүйене отырып, депутат Айбек Паяевтың кету жөнінде өтінішті өзі бергенін жазды. Соған орай ОСК оның депутаттығын мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарауды мәжіліске ұсынған. Сәрсенбі күні депутаттар Паяевтің өкілетін тоқтату туралы шешімді бірауыздан қолдады.42 жастағы Айбек Паяев 2021 жылы қаңтарда "Қазақстан халық партиясы" атынан мәжіліс депутаты болып сайланған. Ол мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.Өткен айда депутат заң бұзған шетелдіктерді Қазақстаннан депортациялауды ұсынған."Егер біздің қонақжайлығымызды құрметтемей, ескермесе, депортациялау керек" деген еді Паяев. Оның мәлімдемесі елге көрші елден ресейліктер ағылған шақта және олардың заң бұзғаны жөнінде ақпарат тараған кезде жасалған.Ол Қостанай облысында үш ресейліктің шекараны "заңсыз кесіп" өтіп, ұсталғаны жайлы оқиғаны мысал ретінде келтірген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар