Алматы полицейлері пәтер ұрысын құрықтады

Арнайы іс-шараны қалалық криминалдық полиция басқармасы, Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. «Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, белгісіз біреу "Көкқайнар" шағынауданындағы үйлердің біріне терезені бұзу арқылы кірген. “Визитер” жәбірленушілердің жеке мүлкін ұрлап, оларға 5 миллион теңге материалдық шығын келтірген. Осы дерек бойынша ұрланған мүлікті сатып алушы да анықталды. Ол Алматы облысының тумасы, 24 жастағы К. есімді азамат. Басты орындаушы 28 жаста. Ол өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша 188-баптың 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның “қызметіне” қатысты қосымша эпизодтарды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар