Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағандыда телефон көлік ұрлаған күдіктіні әшкере етті

kz.kursiv.media

Қарағандыда телефон көлік ұрлаған күдіктіні әшкере етті

Қарағандыда полицейлер автокөлік ұрлады деген күдікпен 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Noks.kz хабарлауынша, оны табуға күдіктінің көліктің салонында ұмытып кеткен ұялы телефоны жәрдемдескен.

Түнгі патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жүргізушісі қызметтік көлікті байқаған бойда жылдамдығын күрт арттырған автокөлікке назар аударды. Ол бірнеше рет берілген тоқтау туралы талаптарды елемеген. Қуу барысында көлік аулалардың бірінде биік бордюрге шығып, тұрып қалған. Жүргізуші көлікті тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Алдымен мемлекеттік тіркеу нөмірі арқылы полицейлер көліктің иесін анықтап, оның үйіне барған. Алайда 28 жастағы ер адамның рөлде болмағаны және өзі де көлік ұрлығының құрбаны болуы мүмкін екені белгілі болды.

Тергеу барысында көліктің салонында қалған ұялы телефон негізгі айғаққа айналды. Телефондағы мәліметтердің көмегімен полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, Қарағанды қаласының 20 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдіктінің айтуынша, ол тек үйіне жетуді ғана көздеген. Алайда полиция патрулін көрген соң қашып кетуге шешім қабылдаған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Ал Степногорскте ер адам бұрынғы әйелінің көлігін ұрлап, жол апатына ұшыраған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар