Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тайландта футболшы матч кезінде найзағай түсіп, қаза тапты

kz.kursiv.media

Тайландта футболшы матч кезінде найзағай түсіп, қаза тапты

Таиландтық футболшы Софван Авэ елдің оңтүстігінде өткен матч кезінде найзағай түсіп көз жұмды.

Sportmail ақпаратына қарағанда, оқиға салдарынан тағы тоғыз адам жарақат алды.

Қайғылы жайт 4 тамыз күні Наратхиват провинциясында өткен Golok FA Cup 2026 аймақтық турнирі барысында болған. Жарысқа Таиланд пен Малайзияның командалары қатысқан. Әлеуметтік желілерде найзағай түскен сәттің видеосы тарады. Кадрларда жарқ еткен жарықтан кейін бірнеше футболшының алаңда құлағаны көрінеді.

Матч ауа райының күрт нашарлап, нөсер жауын жауып тұрған кезде өтіп жатқан. Найзағай футбол алаңының ортасына түсіп, сол сәтте алаңда көптеген ойыншы болған.

Қаза тапқан футболшы 24 жаста болған. Командаластары Софван Авэге алаңда алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Оқиғадан кейін тағы сегіз Таиланд азаматы ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ Малайзия құрамасының бір ойыншысы жарақат алып, әрі қарай ем қабылдау үшін еліне жіберілді.

Айта кететін жайт, 22 шілдеде «Семей орманы» аумағында найзағайдың кесірінен екі өрт ошағы пайда болған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар