Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

baq.kz

Тоқаев Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаға жұбайы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эдинбург герцогі, Ханзада Филипптің қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Ұлы Мәртебелі Патшайым Сіздің және барша британдықтардың қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамын. 70 жылдан астам уақыт бойы, әсіресе, Ұлы Мәртебелі Патшайым Сіз таққа отырған сәттен бастап, Эдинбург герцогі тұрақты тірегіңіз және күш-жігеріңіздің сарқылмас көзі болды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024