Бұрынғы Премьер-Министр оққа ұшты
Белгісіз біреу Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэге шабуыл жасады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz. Оқиға 8 шілдеде Нара қаласында жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскөй Жапония Үкіметінің бұрынғы басшысы жиында сөз сөйлеп жатқан кезде оқ атқан. Қазір экс-премьер ауруханада ауыр халде жатыр. Ол комаға түскен. Полиция Нара префектурасында шабуыл жасаған қаскөйді ұстады. Оқиға орнында 30-ға жуық адам болған. Қазір ол жерде полиция жұмыс істеп жатыр. Абэ Жапонияның Премьер-Министрі қызметін екі рет атқарды: 2006-2007 және 2012-2020 жылдары. 2020 жылдың 28 тамызында ол отставкаға кететінін жариялаған болатын. Ол денсаулығына байланысты осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 23
-
-
-
-
-
- Маусым, 22
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
24 маусым 2026
24 маусым 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар