Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Ауылды да сеніп тапсыра алмайсың": Тоғжановты ел тарихындағы ең нашар вице-премьер деп атады

paryz.kz

Ауылды да сеніп тапсыра алмайсың: Тоғжановты ел тарихындағы ең нашар вице-премьер деп атады

Экономистің пікірінше, Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Үкімет жұмысына дипломатиялық тұрғыдан орташа деген баға бергенімен, шын мәнінде мемлекет басшысының министрлер кабинетінің жұмысына көңілі толмайды. “Мен мемлекеттік басқару жүйесі бір ғана аспектіде ғана өзгерді деп айта аламын. Отбасы факторы жойылды. Әйтпесе, әсте ештеңе өзгере қойған жоқ. Сол баяғы бюрократия, шешім қабылдаудан қорқу, өз балаларын, туыстарын қажетті қызметке көтеру”- деп жазды Олжас Құдайбергенов желідегі парақшасында. Оның айтуынша, Үкіметтің бүкіл имиджіне кері әсер ететін кейіпкерлер де бар. “Мәселен, Премьер-Министрдің орынбасары Тоғжанов жалпы ел тарихындағы өз қызметін орындай алмайтын ең нашар орынбасар болып табылады. Оған ауылды да сеніп тапсыра алмайсың. Тағы да бір осындай шенеуніктер бар. Олар өз креслосы үшін алаңдамайды, алайда өзгелерге әртүрлі лауазымды беруге атсалысып жүр. Олар барда Жаңа Қазақстан артық мүмкіндіктерге қол жеткізе алмайды”, – дейді экономист.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар