Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

inform.kz

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

«Тергеу соты қамауда болу мерзімін К.К. Мәсімов пен А. Т. Садықовқа 6 желтоқсанға дейін, Д. Е. Ерғожинге 13 желтоқсанға дейін, М. С. Осиповке 22 желтоқсанға дейін ұзартты. К.Мәсімовке қатысты істі тергеу тамыз айында аяқталды», - делінген ресми ақпаратта. Хабарламада айтылғандай ҰҚК бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іске «аса құпия» белгісі тағылған. Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 2016 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін ҰҚК басшысы қызметін атқарды. Биыл қаңтар айының басында қамауға алынды. К. Мәсімовке ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі («Мемлекетке сатқындық»), 179-бөлімі, 3-бөлігі («Билікті күшпен басып алу») және 362-бөлімі, 4-бөлігі, 3-тармағы («Билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану») бойынша айып тағылды. Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі осыған дейін бірнеше рет ұзартылған болатын. Бұған дейін сот санкциясы 2022 жылдың 6 маусымына дейін берілген еді. Қылмыстық істі тергеу тамыз айында аяқталды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар