БҚО-да жоғалған зейнеткер өзге ауылдағы қызының үйінен табылды

Батыс Қазақстан облысында жоғалған зейнеткер екі сағаттан кейін табылды, деп жазады ҚазАқпарат БҚО-дағы тілшісінің ақпаратына сүйеніп. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға Бөрлі ауданында болды. 69 жастағы ер адам Ақсай қаласына қарасты Қызылтал ауылындағы үйінен 30 қараша күні сағат 16.00 шамасында шығып кеткен. Содан 1 желтоқсан күні сағат 10.30-ға дейін оралмаған. Жасына байланысты есте сақтау қабілеті нашар зейнеткерді полицейлер хабар түскен уақыттан екі сағаттан кейін тапты. Оның Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылындағы қызының үйіне барғаны анықталды. Қазіргі таңда ол Жымпитыда. zhaikpress.kz
- Соңғы
- Қазан, 22
-
-
-
- Қазан, 21
-
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 17
-
-
-
- Қазан, 16
-
-
- Қазан, 15
-
-
- Қазан, 14
-
-
-
- Қазан, 13
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
23 қазан 2025
23 қазан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар