Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Саакашвили: Әскерден қашқан ресейліктер Грузияға демографиялық қауіп төндіреді

azattyq.org

Саакашвили: Әскерден қашқан ресейліктер Грузияға демографиялық қауіп төндіреді

Грузияның бұрынғы президенті, Грузиядағы оппозициялық "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясының жетекшісі, Тбилиси сотының үкімімен алты жылға сотталған Михаил Саакашвили Грузия мен Ресей шекарасындағы жағдайға және әскерге жарамды Ресей азаматтатрының жаппай қашуына байланысты мәлімдеме жариялады.Саакашвилидің сөзінше, "әскерден қашқан ресейліктердің жаппай Грузияға келгені - Грузия сияқты кішкентай елге демографиялық қауіп туғызады". Ол бір жағынан "әскерден қашқан ресейліктерді шекарадан өткізген Грузия билігінің шешімін айыптай алмайтынын, өйткені әскерден қашқандар көп болған сайын украиндар азырақ өлетінін" айтқан.Грузияны 2004-2013 жылдары басқарған Саакашвили грузин қоғамын "Ресейден қашып келгендерге басқаншы екенін ұдайы еске салып тұруға (Ресей әскері өзін тәуелсіз деп жариялаған Абхазия мен Оңтүстік Осетияда тұр) және Грузияның ішкі саясатына кедергі жасамас үшін "олардың грузин паспортын жапай сатып алуына жол бермеуге" шақырды.Саакашвили "грузиндердің әскерден қашқан ресейдіктерді Түркия мен өзге де елдерге ертерек кетуге барынша мәжбүрлейтініне" сенімді екенін айтқан.Михаил Саакашвили өзін соттаған сот отырысында "жаңа билік келгенде Ресей азаматтары Грузиядан сатып алған барлық пәтер дереу кәмпескеленетінін" мәлімдеген. Статистикаға қарағанда, Ресейдің 23 мыңға жуық азаматы Грузиядан жылжымайтын мүлік сатып алған. Оның басым көпшілігі кейінгі алты айда Тбилиси мен Батуми қалаларынан сатып алғандар.Михаил Саакашвилиді Тбилиси соты "қызметін асыра пайдаланғаны" үшін алты жылға соттаған. Оның үстінен тағы да үш қылмыстық іс қозғалған. Грузияның үшінші президенті қазір Тбилисидің Vivamedi клиникасында ем алып жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар