Украина 200 адамға санкия салды. 199-ы Ресей 199 азаматы
Украина 200 адамға санкция салды. Мұндай жарлыққа 12 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленскйи қол қойды.Санкцияға Ресей президентінің көмекшісі, "Росатом" бақылаушылар кеңесінің мүшесі Юрий Ушаков, президент көмекшісі Лариса Брычева, "Росатом" басшысының кеңесшісі Ренат Карчаа, әскери өнеркәсіп комиссиясы аппаратының бұрынғы жетекшісі Игорь Боровков және Ресей Запарожье АЭС директоры қызметіне тағайындаған Юрий Черничук ілінген. Черничук Украинаның өз азаматы.Ақпанның бас кезінде Зеленский Ресейдің 200 компаниясына санкция салған. Оның ішінде "Росатом" мен оның еншілес компаниялары да бар.Запорожье АЭС-ін Ресей былтыр наурыз айында басып алған. Мәскеу мен Киев АЭС аумағын атқылады деп бір-бірін жиі айыптайды. Украина станция қызметкерлерін Ресей "Росатом" компаниясымен келісім шарт жасауға мәжбүрледі деп санайды.Еуропа одағы Ресейге салатын санкциясының оныншы пакетін әзірлеп жатыр. Ендігі шектеулердің ядролық секторға қатысы болуы мүмкін.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Тамыз, 25
-
-
-
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
26 тамыз 2026
26 тамыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар