Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жапония технология көмегімен бұрын білмеген 7 мыңнан астам арал тапқанын айтты

azattyq.org

Жапония технология көмегімен бұрын білмеген 7 мыңнан астам арал тапқанын айтты

Жапония бұрынғы деректерде айтылмаған 7 мыңнан астам арал жөнінде мәлімет алғанын хабарлады. Барлығы Жапония аумағында орналасқан. Жапон мамандары оларды геодезия және картография саласында дамыған технологияның көмегімен тапқан. Бұрын олар тым алыс әрі көлемі шағын болғандықтан картаға түспей қалған.Соңғы рет Жапонияның ресми картографиясы 1987 жылы жасалған. Ол кезде деректерді жинаумен негізінен жағалау күзеті айналысқан. Сол уақытта Жапония аумағында 6852 арал бары айтылған еді. Алайда енді цифрлық технология мен спутник суреттерінің көмегімен ғалымдар тізімді 14 125-ке дейін жеткізіп отыр. Яғни, 7 мыңнан астам арал туралы жаңа дерек жиналды.CNN жазуынша, тізімге жан-жағы сумен қоршалған, диаметрі кемінде 100 метр болатын ірілі-ұсақты "аралдардың" барлығы енген.Жапония Оңтүстік Курилдегі төрт арал Ресейге тиесілі емес екенін айтып келеді. Дау Екінші дүниежүзілік соғыстан бері реттелген жоқ. СССР Жапонияға кемінде екі аралды беруге дайын екенін мәлімдегенмен қазір Ресей билігі ешқандай шартқа көнбейтінін айтып отыр.Бұған қоса, Оңтүстік Қытай теңізіндегі адам тұрмайтын Сенкаку аралына да қатысты дау бар. Ол Жапонияға тиесілі, бірақ оны Қытай меншіктегісі келеді. 70 жылдан астам уақыт бойы Жапония мен Оңтүстік Корея арасында жапон теңізіндегі аралдарға қатысты да дау жалғасып келеді. Оларды Сеул Токто деп атаса, Токио Такэсима деп атайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар