Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Германияда Patriot кешенін үйренген украин әскерінің екінші легі оқу-жаттығуды аяқтады

azattyq.org

Германияда Patriot кешенін үйренген украин әскерінің екінші легі оқу-жаттығуды аяқтады

Германияда Patriot әуе қорғаныс жүйесін басқаруды үйренген украин жауынгерлерінің екінші тобы жаттығуды аяқтады. 70 шақты ер мен әйелден құралған топ алты аптадан астам уақыт бойы аталған кешенді пайдалануды үйренген."Украинаның әуе кеңістігін қорғау – басты міндет" деді жаттығу алаңына барған көпұлттық "Арнайы дайындық басқармасының" жетекшісі генерал-лейтенант Андреас Марлоу. Ол Ресей әскері Украинадағы азаматтық инфрақұрылым нысандарын зымыранмен соққылап, мақсаты түрде істен шығарып жатқанын айтты.Бұған дейін АҚШ, Германия және Нидерланды Киевке Patriot зымыран кешенінің бірнеше данасын берген."Patriot" – ұшақ, қанатты зымыран және жақынға ұшатын баллистикалық ракетаны атып түсіретін зениттік зымыран жүйесі. "Patriot" зымыран жүйесі үлкен жүк көлігінің үстіне орналастырылады. Жүк көлігінде сегіз үлкен ракета салғыш болады. Әр ракета салғышқа төрт зымыран, жерден басқарылатын радар, басқару станциясы, генератор салынады.АҚШ әскерінің дерегінше, бұл ракета жүйелерінің қызметін қамтамасыз етуге 90-дай солдат қажет, ал ракетаны атуға үш солдат керек.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар