Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Айнұр Асанбердіге подкастқа барған Дарын Мұбаровтың сұхбаты тексеріледі

kz.kursiv.media

Айнұр Асанбердіге подкастқа барған Дарын Мұбаровтың сұхбаты тексеріледі

Журналист Айнұр Асанберді мен уағызшы Дарын Мұбаровтың подкасты тексерілмек. Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы осындай мәлімдеме жасады.

Журналист Айнұр Асанберді 31 шілдеде ютуб арнасына «Сізге уағыз айтуға тиым салынды. Енді не істейсіз?» деген тақырыппен кезекі подкаст шығарды. Қонағы – уағызшы, дінтанушы Дарын Мұбаров. Екі жарым сағатқа созылған сұхбатта Мұбаров соңғы жылдары әлеуметтік желіден жоғалып кеткені, уағыз айтуға тыйым салғаны туралы айтады. Ұлттық дәстүрге көзқарасын білдіреді. Журналист көп әйел алғаны туралы да сұрайды.

Осы уақытқа дейін 73 мың рет көріліп, мыңдаған адам пікір қалдырған. Подкаст жарияланғаннан бес күннен кейін Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Мұбаровты тіркеусіз діни миссионерлікпен айналысты деп мәлімдеп, сұхбатты тексеріп, құқықтық баға беретінін хабарлады. Ведомство дерегінше, подкаст шықпас бұрын ескерту берілген көрінеді.

«Мониторинг барысында Айнұр Асенбердінің 31.07.2026 жылы youtube парақшасында жарияланған Дарын Мубаров|» атты подкастқа ҚР аумағында тіркеусіз діни миссионерлікпен айналысқан Дарын Мубаровпен түсірген подкасты анықталған. Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан хабарландыру болғанына қарамастан әлеуметтік желілерде бұл подкастты жариялаған. Аталған материал бойынша құқықтық баға беріледі және діни заңнаманы бұзу анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады», – деп жазылған хабарламада.

Бұл жағдайға журналистің өзі де пікір білдірді. Ол сұхбатта еш уағыз айтылмаған деп ақталады.

«Әзірге материал экспертизаға жіберілді. Сұхбатқа айыппұл салуы немесе оны өшіру туралы шешім қабылдауы мүмкін. Алайда бұл сұхбатта еш уағыз айтылмаған және Дарын Мұбаровты дәріптеу де жоқ. Керісінше, қоғамда тараған алып-қашпа сөздерге қатысты түсініктеме беріліп, неге уағыз айтуға белгілі бір шектеулер қойылғаны заң аясында түсіндірілген», – дейді ол.

Еске салайық, осы жылы көктемде Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Мұбаровты әкімшілік жауапқа тартып, айыппұл салған. Оны діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратты деп айыптады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар