Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Базалық лицензиясы бар банктердегі жеке тұлға депозиті 20 млн теңгеден аспауы тиіс

kz.kursiv.media

Базалық лицензиясы бар банктердегі жеке тұлға депозиті 20 млн теңгеден аспауы тиіс

Әмбебап лицензия алмаған банктер жеке тұлғадан тек 20 млн теңгеге дейін депозит қабылдай алады. Бұл туралы Kursiv.Media Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Базалық лицензия алған банктер үшін жеке тұлғалардың депозиттері мен банк шоттарындағы қаражатына шектеу қойылды. Жаңа қаулыға сәйкес, бұл санаттағы қаржы ұйымдарының жиынтық активтері 500 млрд теңгеден, ал бір азаматтың депозиті мен шоттарындағы жалпы ақша көлемі 20 млн теңгеден аспауы тиіс.

Агенттік бекіткен тәртіпке сай, жеке тұлғалардың қаражатына келесідей лимиттер белгіленді: ұлттық валютадағы жинақ салымдары бойынша 20 млн теңгеге дейін, теңгедегі өзге де депозитер мен банк шоттарындағы ақшаны қосқанда 10 млн теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы депозиті мен шоттардағы қаражат бойынша 5 миллион теңгеге дейін шектеледі.

Маңыздысы, бұл талаптар клиенттің барлық ақшасының жиынтық көлеміне қолданылады. Яғни, бір азаматтың бір банкте бірнеше депозиті мен шоты болса да, олардың күнделікті жалпы қалдығы 20 млн теңгеден аспауы шарт.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бұл қаулысы 2026 жылдың 13 қыркүйегінен бастап заңды күшіне енеді.

Еске салсақ, Қазақстанда 2026 жылдан бастап банк лицензиясының екі түрі: базалық және әмбебап түрлері енгізілген болатын. Олар рұқсат етілген операциялар көлемі мен реттеуші талаптардың деңгейі бойынша өзара ерекшеленеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар