Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дәурен Абаев: Жаңа мүшел – жаңа дәуірде егемен еліміз қуатты мемлекетке айналсын

inform.kz

Дәурен Абаев: Жаңа мүшел – жаңа дәуірде егемен еліміз қуатты мемлекетке айналсын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Наурыз мейрамына орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Құрметті достар! Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Жаңару мен жаңғырудың бастауы, ырыс пен молшылықтың арқауы іспеттес бұл мейрамды халқымыз айрықша ықылас-үмітпен, ізгі амал-тілекпен қарсы алған. Біз де қиындықтар мен сынақтардың барлығы өткен жылдың еншісінде қалып, жаңа жыл елімізге амандық, жұртымызға тыныштық әкелсін деп тілейік. Басталған жаңа мүшел – жаңа дәуірде егемен еліміз қарқынды дамып, қуатты мемлекетке айналсын! Әз-Наурыз Отанымызға береке-бірлігімен, әрбір шаңыраққа шаттық-несібесімен келсін!» делінген министрдің Facebook
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024