Әлішер Усманов мақтааралдықтарға 5 млн 202 мың доллар аударды
Ресей кәсіпкері Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының халқы үшін 5 млн 202 мың АҚШ долларын аударды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ресей кәсіпкері Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының халқы үшін – эвакуацияланған 30420 тұрғын үшін «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына 5 млн 202 мың АҚШ долларын аударды. Бұл қаражат эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шотына түседі», – делінген әкімдік таратқан ақпаратта. Ұлттық банк бекіткен теңге бағамымен есептесек, кәсіпкер аударған ақша 2 млрд 125 млн теңгеден астам қаржыны құрайды. Тұмар МЫРЗА
- Соңғы
- Желтоқсан, 18
-
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
- Желтоқсан, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 01
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
20 желтоқсан 2025
20 желтоқсан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар