Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалына шықты

baq.kz

 Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 203-ракеткасы, аргентиналық Факундо Диас Акостамен шеберлік байқасты. Т.Скатов бірінші партияда 7:5 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте аргентиналық теннисші жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Тимофей Скатов спорттық жолында үшінші рет челленджер жарысының финалына шықты. Жүлде қоры 130 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында Т.Скатов әлемнің 76-ыншы, доданың бірінші ракеткасы, тағы бір аргентиналық Федерико Кориамен бас жүлдені сарапқа салады. Соңғы бәсеке 29 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 19.00-де басталады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 мамыр 2025