Қытай елшісі Трамп, Путин және Си кездесуінен кейін Бейжіңнің ұстанымын түсіндірді
Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь Бейжіңнің ірі державалар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты ұстанымын түсіндірді. Журналистер елшіден Дональд Трамп, Владимир Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэнь қаласындағы келіссөздері туралы сұрады.
Қытай мен АҚШ арасындағы байланыстарға тоқталған дипломат екі елдің де әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға жауапты екенін атап өтті.
Елші Си Цзиньпин мен Дональд Трамптың кездесуін тарихи оқиға деп бағалады.
«Қытай АҚШ-пен бірге қол жеткізілген уағдаластықтарды белсенді түрде жүзеге асыруға және ірі державалар арасындағы қарым-қатынастың бейбіт қатар өмір сүру, ортақ тұрақтылық пен теңгерімді даму қағидаттарына негізделуіне ықпал етуге ниетті», – деді Хань Чуньлинь.
Үшжақты келіссөздер туралы сұраққа жауап берген дипломат АТЭЫ саммитінің экономикалық қорытындыларына басымдық берді. Атап айтқанда, сауданы цифрландыру және Азия-Тынық мұхиты аймағында еркін сауда аймағын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы келісімдерді атап өтті.
Айта кетейік, АҚШ, Ресей және Қытай басшылары 19 қарашада АТЭЫ саммиті аясында алғаш рет үшжақты форматта кездесті. Келіссөздер ҚХР төрағасының Шэньчжэнь қаласындағы резиденциясында өтіп, шамамен бір жарым сағатқа созылды.
Үшжақты кездесуге дейін Дональд Трамп пен Владимир Путин жеке келіссөз жүргізді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026