Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

SpaceX компаниясына ғарышқа 1 миллион спутник ұшыруға рұқсат берілді

kz.kursiv.media

SpaceX компаниясына ғарышқа 1 миллион спутник ұшыруға рұқсат берілді

Илон Масктың SpaceX компаниясы Жер орбитасына 1 миллион спутник ұшыруға рұқсат алды.

ВВС ақпаратынша, ондағы мақсат – ғарышта жасанды интеллектке арналған деректерді өңдеу орталықтарын құру.

Компания спутниктерді күн энергиясымен қамтамасыз етіп, олар арқылы жасанды интеллект деректерін ғарышта өңдеп, нәтижесін Жерге жіберуді жоспарлап отыр.

АҚШ-тың Федералдық байланыс комиссиясы (FCC) сәрсенбі күні мақұлдаған Starmind жобасы елдің жоғары технологиялық экономикасын дамытуға ықпал ететінін мәлімдеді.

Алайда жобаға қатысты сын да айтылуда. Бәсекелес Amazon компаниясы оны нақты жоспардан гөрі тым өршіл мақсат деп бағаласа, америкалық астрономдар миллиондаған спутниктің ғарышқа шығарылуы түнгі аспанды бақылау мен зерттеу мүмкіндіктеріне кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті.

SpaceX өкілдерінің пікірінше, ғарыштағы деректер орталықтары жасанды интеллектке деген сұраныстың артуына байланысты есептеу қуатын қамтамасыз етудің энергия жағынан тиімді әрі үнемді жолы болмақ.

Ал FCC төрағасы Брендан Карр бастама АҚШ-тың ғарыштық және озық технологиялар саласындағы әлеуетін біріктіріп, елдің технологиялық көшбасшылығын нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кететін жайт, Илон Масктің айтуынша, Tesla 2025 жылғы маусым айының аяғында робот-таксиді сынақтан өткізеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар