Алматы облысында 30 млн долларға жаңа қойма кешені салынады
Алматы облысының Іле ауданында JTI компаниясының жаңа өндірістік-қойма кешені салынады. Құны 30 млн долларға жуықтайтын жоба 2028 жылдың басында іске қосылып, Орталық Азия мен Моңғолия нарықтарын өніммен қамтамасыз етуге бағытталады.
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, аумағы 21 мың шаршы метрді құрайтын нысанның іргетасы қаланып, уақыт капсуласы салынды. Жоба өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық түсімін арттыруға және елдің экспорттық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
JTI компаниясының аға вице-президенті Филип Ливингстонның айтуынша, бүгінде Қазақстанда өндірілген өнімге сұраныс артып келеді, сондықтан компания өндіріс қуатын еселеу үшін қосымша инвестиция құюға дайын.
«Біз өнімді ішкі нарықпен қатар, шетелдерге де экспорттаймыз. Келесі жылы өнімнің жартысына жуығын экспортқа шығаруды көздеп отырмыз», — деді Филип Ливингстон.
Жаңа кешенде экологиялық қауіпсіздікті сақтауға және өндірісті автоматтандыруға басымдық беріледі:
JTI Қазақстан нарығында 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Соңғы он жылдың ішінде компания ел экономикасына 160 млн долларға жуық инвестиция салған. Қазіргі таңда кәсіпорында 800-ден астам жергілікті маман еңбек етеді.
Сонымен қатар Ақтөбе қаласында әмбебап спорт кешені салынады. Нысанды салуға және жабдықтауға Инфрақұрылымды дамыту қорынан 18,8 млрд теңге бөлінді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026