Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Лицейде құқықбұзушылықтың, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жиын өтті

kz.otyrar.kz

Лицейде құқықбұзушылықтың, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 35 жыл толуына орай, Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №52 мектеп-лицейінің акт залында 8–9-сынып оқушыларымен құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында түсіндірме жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында өзекті мәселелер, оның ішінде, құқықбұзушылық – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себептері мен салдары, буллинг – қорлау, кемсіту және психологиялық қысым көрсетудің алдын алу, бопсалау – қорқыту, ақша немесе басқа да заттарды талап ету және заң алдындағы жауапкершілік, әлімжеттік – оқушылар арасындағы күш көрсету, қысым жасау және өзара сыйластықты сақтау, әлеуметтік желідегі әдеп – интернет қауіпсіздігі, желідегі мәдениет және жеке ақпаратты қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу – балалардың құқықтарын қорғау және қауіп төнген жағдайда көмекке жүгіну жолдары сынды мәселелер талқыланды.

Кездесуге Шымкент қалалық Полиция департаменті ИДН инспекторы Тұраш Асыл, ДТЖЖО Н. Жетпісбаева қатысып, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы А. Қонаров пен педагог-ұйымдастырушы А. Сатанова да қатысты. Кездесу барысында оқушыларға әрбір құқыққа қайшы әрекеттің заң алдындағы жауапкершілігі түсіндіріліп, құқықтары мен міндеттері туралы маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар қысым, қорқыту немесе зорлық-зомбылық жағдайына тап болғанда бейжай қалмай, дер кезінде үлкендерден көмек сұраудың маңыздылығы атап өтілді. Өз кезегінде оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Алдағы уақытта осы іспеттес іс-шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұрса деген тілектерін жеткізді. Әрине мұндай шаралардың жас ұрпақ үшін берері көп. Шалыс басып, заң алдында жауап бермес үшін, құқықтық сауатсыздық салдарынан жазаға тартылмас үшін мұндай шараларадың жиі өткізілгені дұрыс, әрине. Сондықтан да мектеп әкімшілігі тәртіп сақшыларын шақыра отырып осы бағыттағы түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізуге шешім қабылдап отыр.

Басты мақсат – қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру, құқықтық сауатты, саналы әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 35 жыл аясында және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы негізінде ұйымдастырылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар