Автокөлік бөлшегін таңдағанда кепілдікке неге мән беру керек
Автокөлікке қосалқы бөлшек сатып алғанда жүргізушілер көбіне оның бағасы мен өндіруші брендіне назар аударады. Алайда бұл көрсеткіштер өнімнің ұзақ қызмет ететініне толық кепілдік бермейді. Мамандардың пікірінше, бөлшек таңдаудағы маңызды өлшемдердің бірі – өндірушінің кепілдік міндеттемелері. Өйткені компания өз өніміне ұзақ мерзімді кепілдік берсе, бұл оның сапасына жауапкершілік алуға дайын екенін көрсетеді.
ROSSKO компаниясының техникалық маманы Константин Ершов сапалы қосалқы бөлшек шығаратын өндірушілер өнімді бірнеше кезеңде тексеретінін айтады. Олардың қатарында бастапқы сапаны бақылау, арнайы стендтердегі ресурс сынақтары, жолдағы тестілеу және халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттау бар.
Сарапшының айтуынша, сенімді өндірушілер өнімдеріне кемінде бір жыл кепілдік береді. Кейбір бөлшектер бойынша бұл мерзім бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Мұндай кепілдік жүрілген қашықтыққа қарамастан ұсынылуы мүмкін, бірақ көлік өндірушісі белгілеген пайдалану мерзімі мен бөлшектің есептік ресурсы ескеріледі.
Ал кепілдігі тек сатылған сәтпен шектелетін немесе ақау шыққан жағдайда күрделі сараптама талап ететін өндірушілерге сақтықпен қараған жөн.
Константин Ершов автокөлік иелеріне бөлшек сатып аларда бірнеше жайтқа назар аударуға кеңес береді:
«Таңдау кезінде тек қаптамадағы логотипке емес, өндірушінің беделіне, кепілдік шарттарына және өнім сапасына назар аударыңыз. Қосалқы бөлшекті дұрыс таңдау – көлікті пайдалану шығыны, қауіпсіздік пен техникалық талаптар арасындағы тепе-теңдік», – дейді сарапшы.
Маманның пікірінше, сапалы аналог кей жағдайда түпнұсқа бөлшектен кем түспей, көлік иесіне жөндеу шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ мұндай үнем өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек.
Тағы да оқыңыз: Көлікке қосалқы бөлшек аларда түпнұсқасын таңдау міндетті ме – маман кеңесі
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026