«Лукойлдың» 10 млрд долларлық мәмілесі: Қазақстандағы үлестер кімге қалады
«Лукойлдың» шетелдегі активтерін АҚШ пен Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторлары сатып алуға келісті. Мәміле шарты бойынша олар активтердің орнына «Лукойлдың» 10 млрд долларлық бағалы қағаздарын ұсынады. Бұл қағаздар БАӘ-дегі арнайы шотқа салынады. Келісім күшіне енуі үшін оны АҚШ Қаржы министрлігі мақұлдауы керек деп Reuters хабарлады.
Түсті бөлік әр жобадағы «Лукойлдың» үлесін көрсетеді.
26 қарашадағы жағдай бойынша бұл үлестердің қайсысы жаңа мәмілеге кіргені жарияланған жоқ.
Дереккөз · Қаламқас-теңіз – Хазар үлесі
«Лукойлға» Теңіз кен орнын игеретін «Теңізшевройлдың» 5%-ы, Қарашығанақ жобасының 13,5%-ы және Каспий құбыр консорциумының 12,5%-ы тиесілі. Компания «Қаламқас-теңіз – Хазар» мұнай жобасының 50%-ына да ие. Яғни Теңіз жобасындағы әр жүз үлестің бесеуі «Лукойлға» тиесілі болса, «Қаламқас-теңіз – Хазардағы» үлесі жобаның жартысына тең.
Reuters «Лукойлдың» шетелдік портфелінде Қазақстандағы кен орындары барын жазды. Алайда 26 қарашадағы жағдай бойынша осы төрт үлестің қайсысы жаңа мәмілеге кіргені жарияланған жоқ.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026